
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Еңбек министрлігінің басшысы екі күн ішінде бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды, азаматтарды қабылдайды, сондай-ақ өңір активімен, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ ұжымымен және Павлодар облысының тұрғындарымен кездесулер өткізеді.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы және әлеуметтік-еңбек саласын дамыту туралы баяндайды.
Сонымен қатар, Светлана Жақыпова Павлодар қаласының мансап орталығының жұмысымен танысады, сонымен бірге жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне брифинг өткізеді.