
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 8 адамның мәселесін қарады.
Қазақстандықтар министрге азаматтарды әлеуметтік қорғау, еңбек құқықтарын сақтау, мүгедектік тобын қайта қарау және зейнетақыны қайта есептеу мүмкіндігіне қатысты, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және т. б. сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.