
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) «Қазақстан Республикасының Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші мерзімді баяндаманы бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Баяндама) талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырды.
Баяндамада Қазақстан 2005 жылы ратификациялаған БҰҰ-ның Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы ақпарат қамтылған. Ол адам құқықтарын қорғауды, оның ішінде еңбек ету құқығын, кәсіподақтар құруды, әлеуметтік қамсыздандыруды, білім беруді және т. б. қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар құжатта 2019 – 2023 жылдар аралығында қол жеткізілген негізгі өзгерістер мен прогресс туралы, сондай-ақ БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясында ұсынылған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі есеп туралы ақпарат қамтылған.
Төмендегі сілтеме бойынша Баяндама жобасымен танысуға және талқылауға қатысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14891898.
Талқылау 27 ақпанға дейін жалғасады.