Е. Оспанов Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Е. Оспанов Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барады, жұмыс сапары барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізеді. 26 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғындарымен кездеседі.

Өткізілетін кездесулер шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту.

Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.