Біржан Нұрымбетов online-режимде халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

Біржан Нұрымбетов online-режимде халыққа есеп беру кездесуін өткізеді

2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу онлайн-режимде өтеді.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов азаматтарды елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларының дамуы жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы Министрліктің ресми аккаунттарында, сондай-ақ «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде жүзеге асырылады.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз:

- Министрліктің ресми интернет-ресурсындағы онлайн-қабылдаудың «Сұрақ-Жауап» бөліміне https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/virtual-reception/1?lang=kk;

-        Министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына;

- kense@enbek.gov.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз немесе «Министрліктер үйі» ғимаратының 6-кіреберісінде орнатылған пошта жәшігіне  салыңыз.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-37-23.

Бұл ретте Сіздің назарыңызды «Есепті кездесу үшін» деген белгіні жасау қажеттігіне аударамыз. Министр келіп түскен сұрақтарға тікелей эфирде жауап беретін болады.