Еңбек министрлігінде елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау тетігі талқыланды

Еңбек министрлігінде елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау тетігі талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов орталық мемлекеттік органдар мен Астана қаласы әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен елордаға көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстар қаралды.

Айта кету керек, бұл жұмыс Мемлекет басшысының Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Еңбекмині құрамына Ішкі істер, Өнеркәсіп және құрылыс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ көші-қон саласындағы сарапшылар кіретін жұмыс тобын құрды.