Сарапшылар мен қоғам белсенділері оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің cыныптауышын өзектендіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді

Сарапшылар мен қоғам белсенділері оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерінің cыныптауышын өзектендіру бойынша бірқатар ұсыныстар берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) жанындағы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары мен қызметтердің сыныптауышын өзектендіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында қоғам белсенділері мен сарапшылар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын берді.

Бұған дейін хабарланғандай, жұмыс тобының құрамына өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының, Республикалық протездік-ортопедиялық орталықтың, Н. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының өкілдері мен әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар азаматтар кірді.

Жұмыс тобының соңғы отырысы барысында кеңеске қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз ету саласындағы оң өзгерістерді, олардың тізбесін өзектендіру және кеңейту бойынша қабылданып жатқан шараларды атап өтті. Бұл ретте мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ОТҚ сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Осылайша, Nazarbayev University ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджері Зият Әбдіқайымов көру қабілеті бұзылған адамдар үшін жақсартылған сипаттамалары бар ұялы телефондармен қамтамасыз етуге бөлінген мемлекет кепілдік берген соманы ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Еңбекмині Қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлмира Бурашева көптеген ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың шетелдік протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірушілерімен, ОТҚ-мен әріптестікті кеңейтудің және елімізде бірлескен өндірісті ашу мүмкіндігін қарастырудың шұғыл қажеттілігі туралы айтып өтті.

Өз кезегінде мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының өкілі Татьяна Исмагулова міндетті гигиеналық құралдар тізбесін кеңейтуді ұсынды.

Талқылау нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың, ҚР Парламенті депутаттарының пікірлерін, Қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің ұстанымдары ескерілді. Алдағы уақытта сыныптауыш бойынша ұсыныстар әзірленіп, техникалық құралдары мен оңалту қызметтерін, оның ішінде бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Осы бағытта жұмыстар жалғасады.