Еңбекмині ОТҚ жіктеуішін өзектендіру бойынша жұмысты жалғастыруда

Еңбекмині ОТҚ жіктеуішін өзектендіру бойынша жұмысты жалғастыруда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) жанынан мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын өзектендіру жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді.

Жұмыс тобына өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ, Академик Н.Д. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ҒЗИ өкілдері, сондай-ақ оңалтудың техникалық құралдарын және қызметтерді тікелей пайдаланушылар кірді.

Жұмыс тобының отырыстарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен мүгедектігі бар адамдардан, ҚР Парламенті депутаттарынан келген және т. б. ұсыныстар талқыланады. Мәселен, соңғы отырыстарда тифло және сурдотехникалық құралдар, кресло-арбалар тізбесі бойынша ұсыныстар талқыланды.

Алдағы уақытта міндетті гигиеналық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар да қаралады.

Талқылау нәтижелері бойынша жіктеуіш бойынша ұсыныстар және техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ бюджеттік қаржыландыру мәселелері қалыптастырылмақ.