Еңбекмині мен БҰҰ Жоғарғы комиссарының Ұлттық кеңсесі босқындар мәселелерін талқылады

Еңбекмині мен БҰҰ Жоғарғы комиссарының Ұлттық кеңсесі босқындар мәселелерін талқылады

Еңбекминінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Жоғарғы Комиссары басқармасының Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Биляловамен Босқындар мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысын талқылады.

Кездесуде тараптар атқарылған жұмыстарды және осы Жоспарды іске асыру жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады.

Жыл басынан бері Еңбекмині мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін босқын мәртебесін анықтау және тіркеу рәсімдері мен оларды қорғау бойынша бірқатар оқыту тренингтері өткізілді.

Сонымен қатар, 1951 жылғы Конвенцияның ережелеріне және босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы озық тәжірибелерге сәйкес халықаралық сарапшылар мен мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, «Қазақстан Республикасындағы босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, ҚР - ның 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы шеңберінде босқындарды қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталуда.