А. Сарбасов ХКҰ өкілдерімен көші-қон саясаты мәселелерін талқылады

А. Сарбасов ХКҰ өкілдерімен көші-қон саясаты мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиевпен кездесу өткізді.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мен Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшылары қатысты.

Кездесуде Бірлескен жұмыстың жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ көші-қон процестерін басқару және босқындардың құқықтарын қорғау жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтылды.  

Өз кезегінде, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев босқындардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Кездесу соңында тараптар Қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы жаһандық шарттағы жұмыстардың барысын және негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың одан әрі кезеңдерін талқылады.