
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың бұйрығымен Асқарбек Ертаев ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған.
Білімі – жоғары, 1999 жылы «НҰР» Ақтөбе мемлекеттік емес менеджмент, бизнес және құқық институтын «экономист» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «жоғары кәсіптік білімі бар заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Асқарбек Ертаев 1997-2000 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша II-санатты маманы, аға маманы болып жұмыс істеді.
2000 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында – «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ № 121200 Мұғалжар аудандық филиалының ақпараттық технологиялар маманы, аға бақылаушы-кассир, басқарушының м.а.
2001 жылдың ақпанынан 2003 жылдың қазанына дейін – «Комирбанк» ААҚ Ақтөбе филиалының белсенді операциялар бөлімінің маманы, қаржы-валюта бақылаушысы, кредиттерді қайтару жөніндегі маманы.
2004-2013 жылдары – «БТА» АҚ бөлшек кредиттеу бөлімінің маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бөлшек кредиттеу басқармасының бастығы, әкімшілендіру және есепке алу жөніндегі директордың орынбасары, «БТА» АҚ қызметін қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары, бөлшек бизнес жөніндегі директордың орынбасары, Ақтөбе қ.
2013-2014 жылдары – «Темірбанк» АҚ банктік қызмет көрсету орталығының бастығы, Астана қ.
2014-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары.
2018-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2021 жылғы ақпаннан шілдеге дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау, талдау және даму департаментінің директоры.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.