
42 500 теңге төлеуге арналған қаражат зейнетақы жинақтарынан алынып жатыр деген мессенджерлерде таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді.
Азаматтардың жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана пайдалануын сұраймыз.
Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.