
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кадр қызметі басқармасының қызметкерлері Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында халыққа мемлекеттік органның қызметімен таныстыру үшін және мемлекеттік қызметінің имиджін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Халықпен кездесу барысында Еңбек министрлігінің мамандары мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен шарттары, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып, олардың сауалдарына жауап берді.