Қазақстандағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін индекстеу туралы

Қазақстандағы зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін индекстеу туралы

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 31 наурызда берген тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті жыл сайынғы 10% -ға индекстейтін болады.

Бұл зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы жылдық өсімі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 10%-ға артатынын білдіреді. 2020 жылдың басында 5%-ға өскенін ескере отырып, арттыру мөлшері 2019 жылғы деңгейге 10%-ға дейін жеткізіледі.

Индекстеу 2020 жылғы 1 сәуірден бастап жүзеге асырылады.