
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты 1669 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды.
1 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша табыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындауға жалпы алғанда 14 074 адам жүгінген. Оның ішінде:
– Нұр-Сұлтан – 3 885;
– Алматы – 4 121;
– Шымкент – 80;
– Ақмола – 126;
– Ақтөбе – 226;
– Алматы – 523;
– Атырау – 14;
– ШҚО – 31;
– Жамбыл – 546;
– БҚО – 105;
– Қарағанды – 404;
– Қостанай – 2 892;
– Қызылорда – 208;
– Маңғыстау – 71;
– Павлодар – 575;
– СҚО – 45;
– Түркістан – 222.
Төлемдер 1885 адамға тағайындалып, 1669 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері айына 42,5 мың теңгені құрайды (ең төменгі жалақы), ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ);
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын адамдар, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді.
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жұмыс берушілер өтінішпен қызметкерлердің тізімін ғана ұсынады; ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.
Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушінің өтініш беруін күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.
Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.
Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.
Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы жеткілікті болады.
МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.
Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі қысқартылды, 3 жұмыс күнін құрайды.