Еңбек министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың арасында волейболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды

Еңбек министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың арасында волейболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды

2023 жылғы 2 наурызда 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтіп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жеңімпаз атанды.

Спорттық дода Оқу-ағарту, индустрия және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің ұйымдастыруымен өтті.

Еңбек министрлігінің қызметкерлері Алшынбаева У.Б., Ермухан Г.Қ., Елеуова Н.У., Мусагазина А.С., Ахметбекова Л.А., Биктасова А.З., Рахметова С.Г., Өмірбек А.Ж. жарыста керемет ойын көрсетіп, бас жүлдені иеленді.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан өткен жарыс салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға бағытталды.