
Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ЕХӘҚМ) қағаз түрінде көрсетілетін қызметтерге өтініштерді онлайн режимінде беру мүмкіндігін ұсынады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында физикалық байланысын болдырмау үшін енгізіледі.
Өзгерістер, ең алдымен, келесі қызметтерге қатысты:
Қағаз форматта көрсетілетін қызметті алуға өтініш беру үшін порталда авторизациядан өту қажет, ол egov.kz электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен жүзеге асырылады . Одан әрі оң жақ жоғарғы бұрышында сіздің ТАӘ-ға курсорды қойған кезде тізім ашылады, «электрондық өтініштер» дегенге басу қажет.
Әрі қарай, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын пайдалану керек, содан кейін барлық өтініштеріңіз бойынша жеке кабинет ашылады. Сол бөлімде тиісті батырманы пайдаланып жаңа өтінім жасай аласыз.
Жаңа өтінішті құру бетінде келесі жолдарды толтыру қажет болады:
Қорытынды әрекет ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою болады. «Сертификатты таңдау» батырмасын басыңыз және атауы «RSA...» деп басталатын файлды таңдаңыз, содан кейін жүйе құпия сөзді енгізуді сұрайды.
Өтініш беру нәтижесінде сіздің өтінішіңіздің мәртебесі Жеке кабинетте көрсетіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері азаматқа Whatsapp мессенджері арқылы бейне қоңырау шалады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірқатар қызметтерін электрондық форматта алуға болады: egov.kz порталы арқылы, SMS-хабарламалар, EgovKzBot2.0 telegram-боты арқылы