Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтықтан жұмыс режиміне ауысады

Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтықтан жұмыс режиміне ауысады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатынын хабарлайды.

Барлық өтініштер Министрліктің ресми интернет-ресурсы, Министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, Қазақстан Республикасының «e-gov» электрондық үкімет порталы және Қазақстан Республикасы Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы электрондық түрде қабылданады.

Сондай-ақ, 8 7172 74 37 23 телефоны бойынша хабарласуға болады.