Еліміздің барлық өңірлерінде кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар берілуде

Еліміздің барлық өңірлерінде кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар берілуде

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні алушылардың жалпы саны 103 мың отбасының 125 мың баласын құрады, оның ішінде 44 мың отбасындағы 69 мың балаға немесе 55%-ға берілді

Облыс орталықтарында әлеуметтік топтамалар ірі сауда желілері мен кәсіпорындар арқылы беріледі.

Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының орталықтарында әлеуметтік топтамаларды қалыптастыру мен беруді «MAGNUM» сауда желісі қамтамасыз етеді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында әлеуметтік топтамаларды «Анвар», «Алтындар», «Көктем», «Империя заботы» сауда желілері және басқа да жеткізушілер ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік топтама беру ағымдағы жылдың ақпан айынан басталды, әлеуметтік топтаманың құрамына ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде ұсынылатын азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия жиынтықтары кірді.