
2020 жылдың ақпанында мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 166 кәсіпорында 4,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 494 млн теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.
Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 62 нұсқама беріліп, 11,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 2,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 484 млн теңге төленді.
Жалпы, жыл басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары 853 тексеру жүргізді. 1256 ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 42,9 млн теңге сомаға айыппұл салынды.