Біржан Нұрымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Біржан Нұрымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов өзіне жеке сұрақтарымен жүгінген 9 адамды қабылдады.

Министрмен кездесуге елорда, Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары келді. Азаматтар өз өтініштерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету, борыш жүктемесін азайту, зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу, мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету туралы сұрақтар мен ұсыныстарын білдірді.

Өтініш берушілердің барлық мәселелері мен ұсыныстарын тыңдағаннан кейін министр түсіндірмелер берді және тиісті ведомстволарға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.