ҚР Еңбекминінің цифрлық офисі мемлекеттік органдар арасында ең үздік деп танылды

ҚР Еңбекминінің цифрлық офисі мемлекеттік органдар арасында ең үздік деп танылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Digital Bridge» II Халықаралық инновациялық форум аясында «Цифрландырудың үздік офисі» байқауының жеңімпаздары марапатталды, жеңімпаз төрешілер алқасының шешімі бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) цифрлық офисіболды.

Байқау «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік органдар арасында жыл сайын өткізіледі және жетекші IT-мамандар мен түрлі ұйымдар арасында цифрлық даму саласында тәжірибемен және инновациялық шешімдермен алмасуды көздейді.

Іске асырылатын жобаларды енгізу ауқымдылығы және инновациялық технологияларды пайдалану, сондай-ақ іске асырылатын жобалардағы қазақстандық қамту үлесі бағалау критерийлері болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық офисі шеңберінде үш жоба жүзеге асырылуда: «Еңбек шарттарын есепке алу және қызметкерлердің профилін жүргізу», «Электрондық еңбек биржасын дамыту», «Әлеуметтік-еңбек саласы жүйесін енгізу және дамыту».

Мәселен, «Еңбек шарттарын есепке алу және қызметкерлердің профилдерін жүргізу» жобасы электрондық еңбек шарттарының жалпы қоймасы болып табылады. Бүгінгі күні оған 20,6 мың ұйым қосылды және шамамен 864 мың шарт тіркелді. Электрондық еңбек кітапшасын қалыптастыру деректердің сақталуына және Қазақстан Республикасы азаматының еңбек қызметінің сенімді көзін қалыптастыруға кепілдік береді. Осылайша, жүйе сізге еңбек кітапшасының қағаз нұсқасынан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл болашақта еңбек кітапшасын ұсынбастан зейнетақы төлеу бойынша еңбек өтілін санауға және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде зейнетақыны есептеу бойынша проактивті қызметті толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді. 2019 жылдың соңына қарай 30 мың жұмыс беруші қосылып, кем дегенде 1 миллион еңбек шарты тіркеледі деп жоспарлануда.

Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталы (бұдан әрі - ЭЕБ) 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Бұл елдегі жұмыспен қамту орталықтарынан, сондай-ақ жеке агенттіктерден және онлайн-платформалардан бос жұмыс орындары мен түйіндемелерін жинақтайтын алғашқы цифрлық платформа. Бүгінгі күні ЭЕБ-ға 203 халықты жұмыспен қамту орталығы, 54 жеке жұмыспен қамту агенттігі, 7 интернет-алаң, 4 БАҚ қосылды. 2018 жылдың басынан бастап ЭЕБ көмегімен 824 мың азамат жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 589 мың адам, уақытша жұмысқа – 234 мыңнан астам адам.

«Әлеуметтік-еңбек саласының жүйелерін енгізу және дамыту»  жобасы қызметтерді проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік орган әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыны оны алу құқығы пайда болған кезде өзі анықтайды дегенді білдіреді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процесі ұялы байланыс арқылы SMS-диалог көмегімен азаматтардың жүгінуінсіз қашықтықтан өтеді. Бүгінде қазақстандықтарға осындай қызметтердің 4 түрі қол жетімді. Сонымен, пилоттық режимде электрондық форматта «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру», сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметтері проактивті форматта іске қосылды.

Бұдан басқа, әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 7 қызмет (сервис) m-gov «Электрондық үкімет» порталының мобильді нұсқасында қолжетімді, тиісті зейнетақы төлемдерін есептеу және жұмыс табуға көмектесу үшін Telegram-bot іске қосылды. 2019 жылдың соңына дейін электрондық қызметтердің санын 36-ға дейін жеткізу жоспарлануда, оның ішінде 21 проактивті қызмет бар.

«Әлеуметтік және еңбек саласының жүйелерін енгізу және дамыту» жобасы аясында Ақтөбеде Әлеуметтік қызметтер порталының пилоттық нұсқасы іске қосылды. Қазіргі уақытта 3 медициналық және әлеуметтік мекеме Порталға қосылған.

Порталдың енгізілуі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін алып тастауға және мүгедек азаматтардың оңалту құралдары мен қызметтерін алу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Портал мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға жеке қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын құралдар мен қызметтерді өз бетінше таңдау мүмкіндігін береді. Ақтөбеде пилоттық жоба іске асырылғаннан кейін, Порталды кезең-кезеңімен еліміздің басқа өңірлерінде жүзеге асыру жоспарлануда.