
Бұл мәлімдемені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары аясында келген Шымкенттегі «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығында айтты. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде Қазақстан Республикасы Еңбекминінің басшысы, сондай-ақ «Әлем білім орталығы» ЖШС жұмысымен танысты. Кездесулер барысында Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Шымкент қаласына келіп, ҚР Еңбекминінің басшысы «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ашылу салтанатына қатысты. Ол ұйымда мүгедектерге және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар және бірінші және екінші топтағы мүгедектерге жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықтың қызметкерлерімен және мүгедектермен сөйлесу барысында Біржан Нұрымбетов қазіргі уақытта Қазақстанда 690 мың мүгедектігі бар адамдар тұрады деп атап өтті.
«Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің маңызды басымдығы болып табылады. 2019 жылдың 9 айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 198,1 млрд теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 қазаныда алушылар саны 521 мың 153 адамды құрайды, жәрдемақының орташа мөлшері – 42 496 теңге. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар балаларды және бала жасынан бірінші топтағы 18 жастан асқан адамдарды күту бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды. Оның мөлшері 41 578 теңгені құрайды. Бүгінгі күні жәрдемақының бірінші түрін 27 млрд.теңге сомасында 84,7 мың адам, екінші – 4,3 млрд. теңге сомасында 13,5 мың адам алды», – деді Министр.
Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бір бағыты жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылатынын атап өтті. 2019 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге көзделген. Бүгінгі күні мұндай қызметтер 4 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.
«Әлеуметтік төлемдермен және арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қатар мүгедектердің ерекше қажеттіліктеріне де көп көңіл бөлінеді. Біздің Министрлік организм функциясының орнын толтыру мақсатында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарының тізбесін өзектендірді. Соңғы үш жылдың ішінде ол 32-ден 55 өнімге дейін кеңейтілді», - деп толықтырды ҚР Еңбекминінің басшысы.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру қызметтер көрсететін «Әлем білім орталығы» ЖШС оқу орталығында Министр Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік аспектілерге – отбасылық бизнес құру, ең алдымен көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізу қажеттілігі нақты белгіленгенін атап өтті.
«Мұндай оқу орталықтарының жұмысы өте маңызды! Біздің азаматтар үшін жаңа кәсіби дағдыларды алған кезде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ғана емес, сонымен қатар жеке ісін ашу да кеңейтіледі. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, кредиттер мен гранттар беру тетіктері көзделген. Яғни, жаңа мамандық алып, қазақстандықтар өзінің шағын бизнесін ұйымдастырып, басқа азаматтарға жұмыс ұсына алады», - деді Біржан Нұрымбетов.