
Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алудың заңдылығы тұрғысынан тексерумен 2439 отбасы қамтылған, оның 116 отбасына уақытша тоқтатылған, тағы 1193 отбасына төлем тоқтатылған.
Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов АӘК тағайындау кезінде өңір тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді алдау фактілері туралы айтып берді. Ең көп таралған бұзушылық нақты табыстарды жасыру болды.
«Осылайша, Сарыкөл ауданының көпбалалы отбасы ағымдағы жылғы мамыр айында аудандық жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау үшін өтініш білдірді. Отбасына жалпы сомасы 1 млн. 13 мың 760 теңгеге 88 мың 480 теңге көлемінде ай сайынғы шартты ақшалай көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмекке жүгінген кезде отбасы басшысы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық декларациясын нөлдік табыспен берді. Ағымдағы жылғы тамыз айында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды қайта тексеру кезінде, біз бұл отбасының жеке меншігінде екі қабатты коттедж, азық-түлік дүкені, Volkswagen маркалы автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы бар екенін анықтадық. Қайта есептеу нәтижесінде 1 тамыздан бастап отбасына АӘК алудан бас тартылды», – деді Максим Устинов.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар заңсыз тағайындалған АӘК қайтару бойынша шаралар қабылдауда.
Ағымдағы жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысынан 49 мың 89 тұрғыны немесе 11 мың 238 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Айта кетейік, АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығына мониторинг жүргізу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табыс туралы дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны анықталды.
Осыған байланысты, Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұзуда заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша дербес жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.