Вице-министр Н. Сағындықова Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі

Вице-министр Н. Сағындықова Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі

2022 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жарияланған шаралар, Әлеуметтік кодекс жобасының нормалары, оның ішінде Отбасының цифрлық картасын енгізу, балалы отбасыларды қолдау, арнайы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру, зейнетақы жүйесін дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа саясаты бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы талқыланатын болады.

Сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.

Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз.