Тамара Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Тамара Дүйсенова Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

9 қараша күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Ақмола облысының халқымен кездесуі жоспарлануда.

Кездесуде Әлеуметтік кодекс жобасының нормалары, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және халықтың табысын арттырудың, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадрлар даярлауға қатысты өзекті мәселелері талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.

Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.

Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерін толғандыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз.