ЕХӘҚМ өкілдері елордалық зейнеткерлерді алдағы айтулы күндерімен құттықтады

ЕХӘҚМ өкілдері елордалық зейнеткерлерді алдағы айтулы күндерімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Халықаралық қарттар күні қарсаңында елорда зейнеткерлеріне барып, Министрліктің атынан гүл шоқтары мен азық-түлік себеттерін табыс етті.

Назгүл Сағындықова ең алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Абдурахман Сафаровқа барды. Қырық жылдан астам математика, алгебра және геометрия мұғалімі болып жұмыс істеген зейнеткер көктемде өзінің 102-ші туған күнін атап өткен болатын.

Осыдан кейін Еңбек вице-министрі Күлзия Төлешеваның отбасында болды, зейнеткер тыл еңбеккері, ол ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығы саласында жұмыс істеген, сонымен бірге «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы ана. Билығы қазан айында Күлзия Төлешева жүз жасқа толып, ғасырлық мерейтойын атап өтпек.

Сондай-ақ Назгүл Сағындықова тағы бір астаналық «Күміс алқа» иегері - Мүгүлсім Жаналинаны құттықтады. Зейнеткер де тыл еңбеккері, сондай-ақ биыл ғасырлық кезеңнен өткен көп жасаған адамдардың бірі.

Зейнеткерлерді құттықтай отырып, Вице-министр оларға зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және т.б. іс-шара өткізетін болады. Сонымен қатар бірқатар өңірлерде барлығы 188,4 мың адамды қамти отырып, барлығы 1,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.