Қостанай облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс оқу үшін қандай мүмкіндіктер беретіні туралы айтылды

Қостанай облысының тұрғындарына Әлеуметтік кодекс оқу үшін қандай   мүмкіндіктер беретіні туралы айтылды

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған арнайы мобильді топ Қостанай облысында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарында болып, халықпен, жастармен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерімен, ауылдық округ әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді. Өз сөзінде Дәулет Арғандықов Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетін азаматтарды жаппай оқытудың жаңа мүмкіндіктеріне назар аударды.

«Жаппай оқыту арқылы адами капиталды жоспарлы түрде арттыру және қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар жасалады. Жаңа дағдыларды оқыту процесіне тартылатын адамдар контингентін бірнеше есе ұлғайту жоспарлануда. Егер бұрын шаралар азаматтардың жекелеген санаттарына бағытталған болса, енді фокус еңбекке қабілетті жастағы барлық қазақстандықтарға кеңейтіледі. Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде бөлінетін болады», – деп хабарлады Дәулет Арғындықов.

Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекс шеңберінде Ұлттық біліктілік жүйесін «қайта жүктеу» көзделеді: жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады, оларды ескере отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Кәсіби біліктіліктерді сертификаттау жүйесін енгізу жоспарлануда: ресми, бейресми немесе ақпараттық білім болсын, алынған дағдылар кәсіби біліктіліктерді тану орталықтарында бағаланады.

«Бұл «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын іске асыруға мүмкіндік береді – қазақстандықтар өздерінің кәсіби дағдыларын тұрақты түрде арттыратын болады, бұл оларды бәсекеге қабілетті және еңбек нарығының қазіргі заманғы жағдайында сұранысқа ие етеді», – деп атап өтті Дәулет Арғындықов.

Сонымен қатар Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының тұрғындарымен кездесу барысында мобильді топ мүшелері Жолдаудың және Әлеуметтік кодекстің басқа да маңызды бағыттарын іске асыру – Отбасының цифрлық картасын енгізу, Электрондық еңбек биржасы базасында цифрлық экожүйені қалыптастыру, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту туралы айтып берді зейнетақы төлемдерін арттыру және т.б.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде мобильдік топ мүшелері Қостанай және Тобыл қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында халықпен кездесулер өткізеді.