Біржан Нұрымбетов азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Біржан Нұрымбетов азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің қабылдауына 8 адам келді, оның ішінде елорда, Көкшетау, Жезқазған және Қостанай қалаларының тұрғындары бар.

Азаматтар өз өтініштерінде тағайындалған зейнетақы мөлшерін қайта есептеу, кәсіпорындағы өндірістегі жарақаттану, жұмысқа орналасу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Барлығын қабылдаған Біржан Нұрымбетов өтініш білдірген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлық өтініштерге толыққанды жауап берді.

Министр қарауға қосымша уақыт талап ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мен ҚР Еңбекмині департаменттерінің басшыларына азаматтардың жүгінген мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.