Біржан Нұрымбетов азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді

Біржан Нұрымбетов азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді

2019 жылғы 21 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасын өткізу аясында жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын өткізеді.

Акция мына мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 6-кіреберіс, № 920 кабинет. Азаматтарды қабылдау сағат 10.00-де басталады.

ҚР Еңбекминінің басшысымен кездесуге ниет білдірген азаматтар 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-36-04, 8(7172) 74-37-23 телефондары арқылы қоғамдық қабылдау бөлмесімен және Министрліктің кеңсесімен байланысып, хабарласа алады немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің блогына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz ресми сайтына немесе kense@enbek.gov.kz электрондық мекен-жайы бойынша жаза алады. Хаттың мәтінінде азаматтың аты-жөні, ЖСН, байланыс телефоны, тұрғылықты мекен-жайы көрсетіліп, азамат ҚР Еңбекминінің басшысына жүгінгісі келетін мәселенің мән-жайын толық сипаттауы тиіс.