
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылы борыш жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
ҚР азаматтары үшін борыш жүктемесін төмендету 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді және бір реттік акция болды. Аталған акция өткен жылы аяқталды, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 115 млрд теңгеге 554 мың адам үшін кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша берешектер өтелді