ҚР Еңбекмині «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның» әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бағаны талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізеді

ҚР Еңбекмині «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның» әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бағаны талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізеді

2019 жылғы 26 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы  қызметтерге бағаның жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтеді.

Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 10, «Р» қабат, конференцзалында (Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ) өтеді. Өткізілу уақыты сағат 12.00. Кіру еркін.

Жария тыңдаулар бойынша қосымша сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуды: 8(7172) 74-35-97, 95-50-38 (ішкі 153) немесе zh.zhanseitov@enbek.gov.kz, a.kanapiyanova@gov4c.kz мекенжайларына жіберуді сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жария тыңдаулар – бұл мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі.