2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастайды.

2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастайды.

Азаматтарға әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша консультация беретін 1411 бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылғы қаңтардан бастап іске қосылады. Бұл ретте,  «111 жедел қызмет»  байланыс орталығы жабылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша консультация алу үшін 1411 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Байланыс орталығының мамандары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер порталы бойынша консультациялар береді.

Естеріңізге сала кетейік, 1411 байланыс орталығы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді және Қазақстанның барлық өңірлерінен өтініштер қабылдайды. Азаматтар көбінесе зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты мәселелермен жүгінеді