ҚР ЕХӘҚМ мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған Заң жобасына белсенді қатысуда

ҚР ЕХӘҚМ мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған Заң жобасына белсенді қатысуда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сенат депутаттары даярлаған мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған Заң жобасына белсенді қатысуда. Құжат мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін жетілдіруге бағытталған.

 «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы 76 заңнамалық актіге өзгеріс енгізуді көздейді. Яғни қолданыстағы заңға бірқатар жаңалық енгізіледі:

 

  • енді мүгедектігі бар балаға санаторий-курорттық емді ата-ананың бірі немесе заңды өкілімен бірге алатын мүмкіндік берілді. Ол үшін 4,9 миллиард теңге қарастырылған;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық көлікте жүруі қолайлы болуы үшін арнайы қондырғымен жабдықталған, мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігіне орай құрастырылған автобус сатып алынады;
  • жер қойнауын пайдаланушылар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлетін кірістің 1%-і аясында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі;
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны көбейеді. Бұған дейін 1 ПМПК ашу үшін 60 мың бала керек болса, енді 50 мың баламен ашуға мүмкіндік беріледі;
  • төтенше жағдай кезінде мүгедектік мерзімін ұзарту, еңбек қабілетін жоғалту деңгейін белгілеу және жеке оңалту бағдарламасының мерзімін ұзарту автоматты түрде жүзеге асады.