ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға министрліктің орталық аппаратының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.
Министр Біржан Нұрымбетов өз құттықтау сөзінде мемлекеттің маңызды міндеті – қоғамның әлеуметтік қауіпсіздігі болып табылатындығын атап өтті.
«Бүгінгі таңда Қазақстан жиырма жылға да толмайтын аз ғана уақыттың ішінде Орта Азия елдері арасындағы табысы орташа деңгейден төмен елдің мәртебесінен табысы орташа елдің мәртебесіне көтерілген экономикасы тұрақты елге айналдық. Бүгінгі таңда әлеуметтік саладағы мемлекеттік инвестициялар 124 мың есеге, яғни осыдан 28 жыл бұрын бөлінетін 26 млн. теңгеден 3,2 трлн. теңгеге дейін өсіп, жыл сайынғы бюджет шығындарының шамамен 30%-ын құрап отыр», – деді Біржан Нұрымбетов.
Іс-шара барысында белсенді әлеуметтік қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін, ведомствоның 34 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңында министр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерін келе жатқан басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік, мейірімділік, өркендеу және мықты денсаулық тіледі.