
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның бірлескен отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов «2017-2021 жылдардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің қызметі туралы» баяндама жасады, сондай-ақ кеңестің 2022 – 2025 жылдарға жоспарланған негізгі міндеттері туралы хабарлады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының өкілі ретінде 2022 жылғы Консультативтік кеңестің төрағасы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) алаңында өткізілді.
Бейнеконференц байланыс режимінде өткен кездесуге қазақстандық тараптан басқа Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан, сондай-ақ ТМД органдарының өкілдері қатысты.
Ержан Біржанов өз сөзінде Кеңес жүргізіп отырған жұмыстың маңыздылығын атап өтті – ТМД жоғары органдарының қарауына ұсынымдық сипаттағы шешімдер мен құжаттар жобаларын әзірлеу, сондай-ақ құжаттар жобаларын дайындау және қарау үшін жұмыс топтарын құру. Сонымен қатар, ол 2017-2021 жылдар аралығында өткен Кеңестің барлық отырыстарының қорытындыларын қорытындылады.
«Осы кезеңде Консультативтік кеңестің 5 отырысы өткізілді, 95 мәселе қаралды, оның ішінде Достастықтың әлеуметтік-еңбек саласындағы жоғары органдары қабылдаған құжаттардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысты дәстүрлі мәселелер, сондай-ақ Кеңестің алдыңғы отырысының шешімдері.
Сондай-ақ, жыл сайын ТМД елдерінің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық мәселелері және перспективаға арналған міндеттер қаралады, Достастық елдеріндегі әлеуметтік-еңбек жағдайы және осы салада қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасу жүргізіледі. Тұрақты негізде осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны түгендеу мәселелері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбекті нормалау саласындағы базалық ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралады», – деді ол.
Вице-министр сондай-ақ есептік кезең ішінде Кеңес бірқатар құжаттарды әзірлеу және келісу бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті:
– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Өмір сапасының нормативтері;
– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2020-2023 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік және демографиялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбекті нормалау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары.
Бұл құжаттар ТМД жоғары органдарының отырыстарында қаралып, қабылданды.
«Кеңестің есепті кезеңдегі жұмысын талдау осы ТМД салалық ынтымақтастық органының алдына қойылған міндеттердің тұтастай орындалатынын көрсетеді. 2017-2021 жылдар аралығында Кеңеске төрағалық еткен ТМД елдері әлеуметтік-еңбек саласы, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмыс органдарымен байланысты дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерінде ынтымақтастықты жандандыруға ықпал етті», – деп хабарлады Ержан Біржанов.
Сөз соңында Еңбек вице-министрі кеңестің 2022-2025 жылдар аралығындағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттерін атап өтті.
Осылайша, таяудағы перспективада Кеңес шеңберіндегі өзара іс-қимыл қазіргі заманғы болмысты ескере отырып, ТМД елдерінің халқын әлеуметтік қорғауды арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарауға бағытталатын болады.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісілген әлеуметтік және демографиялық саясатының 2020-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбекті нормалау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
«Кеңес 2021 жылы басталған Ортақ еңбек нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру тұжырымдамасын өзектендіру және жұмыс күшінің көші-қонын реттеу, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Ағымдағы жылдың күзінде кеңестің отырысында осы тұжырымдаманың жобасын қарау жоспарлануда.
Бұдан басқа, ТМД жоғары органдарының отырыстары барысында делегациялар басшылары атап өткен, сондай-ақ Консультативтік кеңестің шешімдерінен шығатын бастамаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен тапсырмаларды орындау жалғастырылады», – деп қорытындылады жиынды Ержан Біржанов.