
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев пен ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі - ЕӘҚКК) төрағасы Ербол Нұрғалиев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірдің бірнеше әлеуметтік нысандарын аралады.
Қостанай облысы Мемлекет басшысының орталық мемлекеттік органдардың халықпен жұмысын қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Руслан Сәкеев барған алтыншы өңір болды.
«Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет құруға болады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Ведомство өкілдері жұмыс сапарын Қостанайдағы психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысудан бастады.
Бұдан әрі Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбеновамен бірге вице-министр Тобыл қаласына келіп, Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жұртшылық өкілдерімен әңгімелесу барысында Руслан Сәкеев әлеуметтік-еңбек саласын дамыту шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Президент пен Үкімет қойған міндеттерді уақтылы жүзеге асыратынын атап өтті.
«2021 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілді. Әлеуметтік төлемдерге 3,7 трлн теңге бағытталды, бұл республикалық бюджет шығыстарының 24% - ын құрады.
Жыл сайынғы индекстеу аясында 4 млн қазақстандық үшін зейнетақы мен жәрдемақының өсуі қамтамасыз етілді. Азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылды, орта есеппен оның өсуі білім беру жүйесінде 19%-ды, Денсаулық сақтау саласында – 20-30%-ды, әлеуметтік салада – 45%-ға дейін құрады.
Бұдан басқа, жұмыс істейтін қазақстандықтар сақтандыру тәуекелдері басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. 2021 жылы төлемдер көлемі шамамен 1,1 млн адам үшін 340 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады вице-министр.
Сондай-ақ, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7% - ға, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5% - ға артқанын айтты. Бұл шара 4,5 миллион алушыға әсер етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 41% - ға, 42,5-тен 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл өсім 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізеді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бері тағы 591 мың азаматтық қызметшінің (мәдениет, мұрағат ісі ұйымдарының қызметкерлері, оның ішінде техникалық персонал және т.б.) жалақысы өсті. Өсім 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ды құрайды», – деп хабарлады Руслан Сәкеев.
Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуден кейін вице-министр Алтынсарин ауданының Щербаков кентіндегі «Сосновый бор» санаторийіне барды, онда мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емдеу қызметтері көрсетіледі.
Өз кезегінде, ЕӘҚКҚК басшысы Рудный қаласында халықпен кездесу өткізіп, Қазақстанда көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.
Осыдан кейін Ербол Нұрғалиев №3 Рудный арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды, онда психоневрологиялық аурулары бар 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетіледі.
Орталық қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында Ербол Нұрғалиев халықтың жекелеген топтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін осындай мекемелер жұмысының маңыздылығын атап өтті.
«Өткен жылы Еңбекмині медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) қызметін регламенттейтін бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, барлық МӘМ-де онда тұратын адамдардың туыстары мен жақындарына жазбаларды қарау мүмкіндігін бере отырып, бейнебақылау камераларын орнату көзделген. МӘМ-де материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормативтері жақсарды. Мүгедектігі жоқ адамдар үшін гигиеналық құралдар мен техникалық оңалту құралдарының ең төменгі нормаларының тізбесі ұлғайтылды. Бұдан басқа, МӘМ директорларын тағайындау кезінде оларға қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды. Бұл азаматтармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың басшыларын тарту арқылы өңірлердегі Кадрлық дағдарыс проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде МӘМ басшылары халыққа сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс», – деп атап өтті ЕӘҚКҚК төрағасы.
Сондай-ақ, Ербол Нұрғалиев тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары көмек алатын Рудный аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының жұмысымен танысты.
12 наурызда Руслан Сәкеев пен Ербол Нұрғалиев мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық оңалту орталығына барып, өңірдің қоғамдық бірлестіктерімен кездесу өткізеді, оның барысында халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басынан бастап Руслан Сәкеев Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына, Павлодар, Қызылорда және Ақмола облыстарына жұмыс сапарларын жасаған болатын.