Р. Сәкеев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Р. Сәкеев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында онлайн қабылдау өткізді. 2 сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында вице-министр еліміздің түрлі өңірлерінен 16 азаматтың мәселелерін қарады.

Азаматтар вице-министрге мүгедектігі бар адамдарға арналған протездер мен есту аппараттарын сатып алу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау, цифрландыру және басқа да мәселелер бойынша көмек пен кеңес алу үшін жүгінді.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Руслан Сәкеев олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді вице-министр жеке бақылауына алып, ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.