
2022 жылғы 28 қаңтарда онлайн-форматта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының кедейлікті азайту мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Бұл іс-шараға Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеев ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің отырысы аясында бастамашылық етті және өзбек тарапының төрағалығымен Ташкент қаласында өтті.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасов Қазақстанда кедейлікті азайту бойынша қолданылатын шаралар, мақсаттар және жаңа тәсілдер туралы баяндама жасады.
А.А. Сарбасов аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін Қазақстан Республикасында көрсетілетін шаралар кешені және әзірленіп жатқан Әлеуметтік Кодекс жобасы туралы айтып өтті, оның шеңберінде әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері егжей-тегжейлі қаралатын болады.
Кездесу барысында тараптар кедейлікті азайтуға бағытталған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының жай-күйі мен даму перспективаларының кең ауқымды мәселелерін талқылады және қарастырды.