Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия бойынша Жоғарғы Комиссары Басқармасының өкілі Ханс Шоддермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің босқындар мәселелері жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасының ЕХӘҚМ-не беру, босқындардың әлеуметтік қорғауға қол жеткізуі және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне тең қол жеткізу мәселелері талқыланды.