
2019 жылғы 18 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымының 100 жылдығына арналған Халықаралық Еңбек Конференциясының Женева қаласында өтіп жатқан 108-ші сессиясының аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Молдова Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігінің еңбек пен демография бойынша Мемлекеттік хатшысы Анастасия Очеретныймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-молдова үкіметаралық комиссиясының екі жақты ынтымақтастығы туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Келіссөз қорытындысы бойынша Ақмәди Сарбасов пен Анастасия Очеретный ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы туралы меморандумға қол қойды.