
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) Әкімшілік жұмыс департаменті Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, «Мен тәуелсіздік түлегімін» тақырыбында онлайн эсселер конкурсын өткізді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарияланған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конкурсқа егемен Қазақстанның даму жылдарында туған Еңбекминінің жас мемлекеттік қызметшілері қатысты, олар еліміздің тәуелсіздігі және оның тұлға ретінде қалыптасуына әсері туралы өз ойларымен бөлісті.
Конкурстың қорытындысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста айтылды. Еңбекминінің басшысы конкурсқа қатысушыларға алғысын білдіріп, отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тіледі. Конкурс жеңімпаздарына дипломдар, алғыс хаттар және белгілі қазақ жазушыларының кітаптары табыс етілді.