С. Шәпкенов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

С. Шәпкенов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстан азаматтарын алдағы Конституция күнімен құттықтап, бақыт, амандық және тұрақтылық тіледі.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді келе жатқан мереке – Конституция күнімен құттықтаймын!

Бұл күн біз үшін өте маңызды. 1995 жылғы 30 тамызда тәуелсіздігіміздің символына, қазақстандықтар үшін тең құқықтар мен бостандықтардың кепіліне айналған еліміздің Ата заңы қабылданды. Конституцияда біздің көпұлтты Қазақстанда әрбір азаматтың құқықтары сақталатынын, әрқайсымыздың өз қабілеттеріміз бен дарынымызды іске асыру үшін тең мүмкіндіктер бар екенін мәлімдедік.

Әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық, тұрақтылық және амандық тілеймін. Әркімнің сүйікті ісі болсын, шаңырақтарыңыздан әрдайым қуаныш пен жайлылық орын алсын!», – делінген Серік Шәпкеновтің үндеуінде.