С. Шәпкенов қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады

С. Шәпкенов қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады. Үш сағаттық қабылдау барысында ведомство басшысы 9 азаматтың мәселелерін қарады.

Министрге көмек және кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарының тұрғындары жүгінді.

Қабылдау барысында еңбек заңнамасын бұзу, мүгедектігі бар адамдарды және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге берілетін жеңілдіктер мәселелері қаралды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмектесу бойынша тапсырма берді.