Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің есеп беру кездесуі 10 маусымда өтеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің есеп беру кездесуі 10 маусымда өтеді

2021 жылғы 10 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу online режимінде өтеді.

ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Серік Жамбылұлы Шәпкенов Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларын дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14.00-де басталады.

Есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі Министрліктің сайтында, сондай-ақ Facebook https://www.facebook.com/enbek.gov.kz, YouTube https://www.youtube.com/channel/UCR4RVBVn-HMQPkjJiN35UbA әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарда жүзеге асырылады.