ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ ведомствоға бағынысты ұйымдары мен өңірлік департаменттерінің қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмектесу үшін бір күндік жалақыларын аударады.
Министрлік, ірі жұмыс беруші кəсіпорындар мен компанияларды, әскери бөлімде оқ-дәрі жарылыстарынан зардап шеккен отандастарымыздың күйіне бей-жай қарамайтын барша қазақстандықтарды қол ұшын созуда барынша белсенділік танытуға шақырады.
Бүгін қиын жағдайға тап болған Арыс тұрғындарына көмегімізді аямау біздің азаматтық борышымыз. Кез келген қиындық пен қасіретке ауызбіршіліктің арқасында ғана төтеп береміз!