
Халыққа есеп беру кездесуінің бұрын хабарланған күні - 2019 жылдың 21 маусымы 2019 жылдың 24 маусымына ауыстырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.
Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Өткізетін уақыты сағат 09.30-дa.
Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-34-53, 8(7172) 74-37-23 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды немесе «Рұқсаттама бюросы» залында орналастырылған пошта-жәшігіне қалдыруыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, сұрақтар мен ұсыныстарды, Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми интернет-ресурсы арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына жолдау мүмкіндігін хабарлаймыз.