
Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Су Арнасы» МКК-ның төрт қызметкері қаза табу нәтижесінде орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Оның құрамына қызметкерлер мен жұмыс берушінің өкілдері кірді.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.