
2019 жылғы 24 маусым күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді.
Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Өткізетін уақыты сағат 09.30-дa.
Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-34-53, 8(7172) 74-37-23 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды немесе «Рұқсаттама бюросы» залында орналастырылған пошта-жәшігіне қалдыруыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы www.enbek.gov.kz арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің блогына бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз.
Кіру ашық.