Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

А. Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы – ҚР  бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды.